Егемен елді? е?сесі биік пословица
Обновлено: 22.11.2024
Екі қолымды алып, аяғымның арасына саламын. Мен бес минут терлеп, содан кейін рахаттанамын.Жауабын көру үшін белгілеңіз: Жауабы: Велосипед.
— Логикалық сұрақтар
Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз. Жауабы: Бір жылда 365 күн бар, бұл 400 санынан кем..
Следующая пословица
Менің Отаным - экономикасын, мәдениетін, ғылымын, зияттылығын, демократиясын, құқығын, дамуының мақсатын биік шыңдарға жеткізуге ұмтылған және осы ұмтылысын дүние жүзі таныған және мойындаған ұлы кемеңгерлер мен батырлар құрған мемлекет –Қазақстан.
Төрт мұхиттың арғы жағында Қазақстан - жері кең байтақ,халқы бауырмашыл,ғылымға,ілімге құштар ретіндігі ел болып танылды, шекарасы көптеген мемле-кеттерге ашылып, халықаралық қарым-қатынасқа түскен мемлекеттер алдында сыйлы және мәртебесі биік мемлекет.
Қазақ халқында «Жері байдың- елі бай» деген керемет кемеңгерлі мақал бар,осы мақалдың мағынасына үңілетін болсақ,ел аузындағы осындай дана сөзге дәлел табуға болады.Өйткені Қазақстаның жері кең байтақ ғана емес,сонымен қатар ғалым Менделеев таблицасындағы 111 элементтің 99-ы біздің жер қойнауында бар.Бұл жер байлығы ғана емес,бұл Отанымыздың, халқымыздың болашағы.Себебі алпауыт ірі еуропалық мемлекеттердің біздің мемлекетпен достық қарым-қатынаста болуы,бұл біздің Қазақстанды дүние жүзіндегі ең толерантты,адал серіктес ретінде сенуі.
Қазақстанның оңтүстігі,солтүстігі,шығысы мен батысында қазба байлықтар мол болуы – мемлекетіміздің болашақта бақытты,экономикасы мықты,дамыған мемлекеттердің алды болуына кәміл сенуі,сонымен қатар,Қазақстанды көп ұлтты,демократиялық,кұқықтық зайырлы,жоғары интелектуалды мемлекет ретінде дүние жүзі таныды.Оған дәлел менің туған қалам Қарағандыда 30-дан астам өзге ұлт өкілдерінің күнделікті жанымызда,бір үйде,бір көшеде бейбіт өмір сүруі.Туған қаламда көптеген мектептердің,жоғары оқу орындырының болуы халқы -мыздың ұлттық тілді,ресми тіл орыс тілін және ағылшын тілін жастайынан еркін меңгеруі – қазақстандықтардың білім деңгейлерінің жоғарылығын көрсетеді.
Мен өз Отанымды туған қалам Қарағанды мен байланыстырамын.Өйткені, бұл қалада мен дүниеге келдім,бақытты балалық шағым менің есею кезім,жақын туыстарым,ата-анам,жолдастарым,ұстаздарымның арасында ертеңгі күнге алаңдамай өтіп жатыр.Болашақта мен белгілі бір ел басқаратын азамат болмасамда,сайының тасы болайын деп мақсат қойдым.Мектепте жақсы оқып,үлкендерді сыйлап, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп Отаныма адал қызмет етемін.Өз елім – алтын бесігім-де, Отаным –қуатым,отбасым –шуағым,туған жерімнің түтіні де тәтті деп ойлай-мын.
«Отан-оттан да ыстық»,- деп бекер айтылмаған мақал екенін, жазғы демалыста көрші ел Қырғызстанда болғанымда түсіндім.Ол елдің жері, Ыстықкөлі қанша әдемі болса да,өзімнің үйімді қатты сағынғанда түсіндім.Сондықтан өз елім,Отаным,Қазақстаным өзіме өте қымбат,жолда туған елге қайтіп келе жатқанда Қазақстанның шекара бекетіне келгенде Қазақстанның желбіреген көк байрығы,өзімнің ұлттық тілімде сөйлеп жатқан отандастарымызды көргенде бір апта болған Қырғызстан жеріндегі экономикалық қиындықтарды байқағандықтан,өз елімнің бейбітшілігі,ынтымағы жарасқан,тоқшылық, ырысы мол,берекелі ел екендігіне өте қуандым.
Осындай Отанымның болуы елді басқарып отырған кемеңгер,данышпан Елбасымыздың еңбегі деп айқын айта аламын.Елбасының Қазақстан халқына жасап жатқан істерін ерлікке теңеуге болады.Ердің ісі – елдің мойнында,елдің ісі –ердің ойында деп бекер айтпаған.Яғни,«Ел барда – ер қор болмас,ер барда ел қор болмас»,- деген сөзді бекем ұстанғым келеді.
Қорыта айтқанда, Қазақстан әлемдегі көптеген мемлекеттердін ортасындағы инновацияланған,индустрияланған,алдыңғы қатарлы дамыған мемелекеттердің ортасындағы жасы кіші болғанына қарамастан, ең үздіктердің қатарынан көрініп келеді. Біз Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы күні-түні еліміздің дамуына,елді көркейту үшін халықтың армандаған қиялдарын іске асырып,күш жұмсағанына тек біздер ғана емес, бүкіл халықаралық арена куә болуда.Яғни, Елбасы өзінің еңбектерінің аз уақыт, яғни жиырма жыл ішінде жемісін көріп жатыр. Қазақтың халық мақалында: «Не ексең, соны орасың»,-дейді емес пе?Расында бұл сөздерді астарлап қарасақ,ішінде құнды ойлар жатыр.Елбасымыз Қазақстанның байтақ еліндегі әрбір жарқырап атқан таңы мен алаулап батқан кеші бейбіт өмір мен ертеңгі болашақтың ғұмырлы болуына кепіл береді және халқы кәміл сеніп әрқашанда мемлекет басшысының барлық игі істерін қолдайды.
Следующая пословица
Егемен елді? е?сесі биік» деп дана хал?ымыз айт?андай, ?аза? еліні? ?з алдына т?уелсіз ел бол?анына жиырма ?ш жыл болады. Осы егемен елімні? ?сіп- ?ркендеуі ?шін жа?сы о?ып, жо?ары о?у орнын бітіріп, білікті маман иесі бол?ым келеді. Сонымен ?атар, ?аза? елін барша елге таныт?ым келеді.
«Дені сауды? жаны сау» дегендей, дені сау ?рпа? елді? ?сіп-?ркендеуіне зор ?лес ?осады. Дей т?р?анмен, ?азіргі жас жеткіншектерді? денсаулы?ында а?аулы? к?п бай?алады. Оны? себебі, балалар ??нарсыз тама?ты к?п жейді. Мысалы, ?р т?рлі газдал?ан сусындар ішеді, кептірілген жасанды жолмен жасал?ан та?амдарды к?п пайдаланады. Сонды?тан да мен «Ауруды? алдын ал» демекші, емхана аш?ым келеді. Емхананы заманауи ?лгідегі ??рал-жабды?тармен ?амтамасыз етіп, халы?ты ауру-сыр?аудан аман алып ?алу жолдарын ?арастырар едім.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя? Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков. Быстро и объективно проверять знания учащихся. Сделать изучение нового материала максимально понятным. Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков. Наладить дисциплину на своих уроках. Получить возможность работать творчески.Просмотр содержимого документа
«Елбасы »
Республикалық «Менің елімнің көшбасшысы» тақырыбындағы сырттай байқауына
Жұмыстың тақырыбы: Өз елімнің өркендеуі үшін
мен не істер едім?
Аты-жөні: Сүйінғараева Ақмарал Қарасайқызы
Жасы : 12 жаста
Мектебі: №6 орта мектебі
Облысы: Ақтөбе
Ауданы: Шалқар
«Егемен елдің еңсесі биік» деп дана халқымыз айтқандай, қазақ елінің өз алдына тәуелсіз ел болғанына жиырма үш жыл болады. Осы егемен елімнің өсіп- өркендеуі үшін жақсы оқып, жоғары оқу орнын бітіріп, білікті маман иесі болғым келеді. Сонымен қатар, қазақ елін барша елге танытқым келеді.
«Дені саудың жаны сау» дегендей, дені сау ұрпақ елдің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосады. Дей тұрғанмен, қазіргі жас жеткіншектердің денсаулығында ақаулық көп байқалады. Оның себебі, балалар құнарсыз тамақты көп жейді. Мысалы, әр түрлі газдалған сусындар ішеді, кептірілген жасанды жолмен жасалған тағамдарды көп пайдаланады. Сондықтан да мен «Аурудың алдын ал» демекші, емхана ашқым келеді. Емхананы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, халықты ауру-сырқаудан аман алып қалу жолдарын қарастырар едім.
Менің туып өскен жерім Ақтөбе облысы Шалқар ауданы экологиялық аймаққа жатады. Осындай өзекті мәселені шешу үшін «Шымырдың сезімі сергек» деп, халық даналығында көрсетілгендей, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық алаңдар салып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырар едім. Осындай жұмыстардың нәтижесінде дені сау өскелең ұрпақ ел дамуы үшін өзіндік көмегін тигізер еді. Мысалы, дені сау, озық ойлы жастар «ЭКСПО-2017» көрмесіне тың жоба ұсынып, қазақты әлемге паш етер.
«Өз Отаның-бұл дүниедегі жәннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, алған білімімді, күш-жігерімді алдағы уақытта өз елімнің, Мәңгілік елдің Нұрлы жолымен жүріп, өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне, бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуына жұмсар едім.
Следующая пословица
Егемендік. Тәуелсіз ел. Қазақстан Республикасы. Иә, бұл сөздер елін сүйетін шын патриоттар үшін қашан да болмасын ыстық естілетіні анық.
Дербес мемлекет болып, көк туымызды желбіреткенімізге аз ғана уақыт болса да уақыт өткен сайын ел өркениеті мен экономикасы жоғарғы деңгейге өрлеп, қарқынды дамуда.
Өткен күнді парақтасақ, азаттық алу үшін басымыздан нелер өтпеді десеңізші?! Халқымыздың тәуелсіздікке дейін көрмеген азабы мен тартпаған зардабы қалмады. Тәуелсіздік таңы үшін күрескен Ләззат, Қайрат аға-апаларымыз секілді қас батырлар арқасында мемлекетіміз бүгінде бейбіт өмір сүруде.
Жалпы қазақ жұрты бұрыннан кең пейілді, ақ көңіл, жетімі мен жесірін жылатпаған, мейірімді де дана және өнерлі халық болған.
Оның дәлелі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, қазірге таңда да ұмыт болмаған шешендік сөздеріміз бен суырып салма айтыс өнеріміз ел мәдениетін биікке көтереді.
Еліміз–өзгеге жамандық тілемейтін, бейбітшілік пен татулықты өзіне ұран еткен ынтымағы жарасқан мемлекет. Тіпті, рәміздеріміз де оның айғағы бола алады. Әрбір рәміз ынтымақтың, бірліктің символы.
Көк туымыз аспанымыздың ашықтығын, оның ортасындағы бейнеленген шуақты күн халқымыздың шексіз мейірімділікке ие екенін көрсетеді, қыран құс әрдайым биіктерден көрініп, тек қана алға жылжудың белгісі болса, ал тудың оң жағындағы ою қазақтың ұлттық құндылығын білдіреді.
Елтаңбадағы уық пен шаңырақ керегеміздің кеңдігін, шаңырағымыздың биіктігін және берік екенін, жоғарыда орналасқан жұлдыз бүкіл қазақ халқының жұлдызы жоғарыдан жарқырасын деген ұғымды білдіреді. Қанатты пырақ- азаттықтың символы.
Ал енді Әнұранымыз жайлы айтатын болсақ, тыңдаған кезде белгісіз тылсым күш тұла бойымызды шымырлатып жібереді. Мектеп қабырғасында жүріп әр таңымызды мемлекеттік әнұранымызбен қарсы аламыз. Сөздері де әсерлі.Әсіресе:
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Деген шумақты естіген кезімізде жігерімізді ұштап, кез-келген азаматты патриоттық сезімге тәрбиелері сөзсіз.
Егеменді еліміз өз тәуелсіздігін алып, көк байрағымызды жоғары көтергеннен кейін де алға жылжуы мен сәтті қадамдарын тоқтатпады. 23 жыл аз уақыт болса да, БҰҰ сияқты әлемдік деңгейдегі бірнеше ұйымдарға мүше болды. Дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Президентіміздің қолдауымен ана тіліміз қазақ тілі халықаралық дәрежеге көтерілді. Елбасымыздың 2014 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы идеологиялық «Мәңгілік ел» бағдарламасы бойынша білім және денсаулық саласына ерекше назар аударылып отыр. Сонымен қатар елдің әлеуметік жағдайларын жақсартуға байланысты қазірдің өзінде біршама шаралар жүзеге асырылды. Қазақстан сияқты 17 миллион халқы бар, жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 9-шы орынды иеленетін мемлекетті басқарып, халықтың жағдайын жасап, еліміздің экономикасын жоғары деңгейге көтеріп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа да айтар алғысымыз шексіз!
Көшбасшымыз Жолдауында айтылғандай: «Өзгенің қателігінен өнеге алып, дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!» Мен аспан түстес Көк Туымызды, патриоттықа баулайтын Әнұранымызды, ел мақтанышына айналған Елтаңбамызды және 17 миллионнан астам халықты басқарып дәреметке жеткізіп отырған, елдің ынтымағы мен татулығын сақтап отырған Елбасымызды мақтан тұтамын. Қазақ еліміздің ғұмыры ұзақ болсын!
Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Қарап көріңіз 👇
Ілмек бойынша іздеу:
Читайте также:
|