Ту?ан к?н жайлы цитата

Обновлено: 22.12.2024

Туған күніңмен,балам! Өзің сияқты өмір жолың да көркем, жарқын,арман мақсатыңа ашық,табысты,жақсы пейілдегі жандарға толы болғай!

16 жасынмен құттықтаймын

Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалық шақ жағалауына қол бұлғап,адам..

Туылған күніңмен, ботам!

Туылған күніңмен, ботам! Барлық арман-мақсаттарың орындалсын! Алла қаласа ҰБТ-дан 140 балл бұйырсын

Туған күніңмен жаным балам 16 жас

Туған күніңмен жаным балам?Тұла бойым тұңғышым менің. Алланың берген сыйы ❤Бүгінгі келіп жеткен жасың құтты болсын алтыным ?Болашағын жарқын болсын.

16 жас құтты болсын балам

Бұл күн біз үшін тым ерекше күн алғаш рет ата-ана атанған күніміз.Отбасымыздағы тұңғышымыз, көз қуанышымыздың өмір есігін ашқан күнімен..

Қызым-қызғалдағым,16 жас туған күніңмен!

Шолпаны менің таңымның,Раушаны иран бағымның,Аяулы қызым!Саясы менің жанымның.Жаралған мөлдір сезімнен,Айналдым сенің көзіңнен.Келдім мен күнге..

Қош келдің 16

Бүгін міне, толдым тағы бір жасқа,Өмірді мен бастаймын ба тым басқа?Он алты жас—бала емес, шала емес,Не істеу керек айтыңдаршы бұл жаста?Бүгін міне..

Қазақстан тілдері күні Құтты болсын!

Қазақстан халқының тілдері күні Құтты болсын! Мол жақсылық болсын. Қазақша сөйлеп, қазақша ән айтайықӘнші Luina

Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің күні мерекесімен құттықтау

Құрметті қонақтар, әріптестер!Сіздерді Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің күні мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.1989 жылы қыркүйектің..

Отбасы туралы қанатты сөздер


Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!

Следующая цитата

Алатын кезде – алға озып,беретін кезде артта бұғып қалатын,алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр.Ондай адамнан құтылудың өзі-үлкен олжа.
* * *
Адам ешкімге сенбей,бәріне күдіктеніп,айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу ”, “ нашар адамдар” деп ойлап жүрсе,тура сондай сұмырайлар кездесе береді,қасыңа топталып,жинала береді.

Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер

Қазақша цитаталар қысқаша

Құрметті оқырмандар! Осы мақалада қазақша және қысқаша цитаталар жинағы жарияланған. Егер тағы да біліп жатсаңыз астындағы формаға жазыңыз.

Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер

Следующая цитата

Чужой компьютер

Просмотр темы 7

Следующая цитата

Абай Құнанбаев
Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді.

Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.

Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.

Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе – бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе – бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Қазақ әйелін “жан жолдасым” дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Әйел асқақтаса – жылайды, еркек асқақтаса – құлайды.

Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі.

Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.

Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.

Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды – тезірек еселеп, қайыруға тырысады.

Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе – қасиет,

Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе – қасірет.

Әйел табиғатының өзі осындай: тиым салынған тамырдың дәмін татып, әбден құмарынан шыққанша қинала беруге жаратылған.

Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда.

Жақсы әйел ұл туса – патшадан болмас кемдігі.

Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.

Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.

Алып анадан туады,
Ат биеден туады.

Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.

Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.

Анаға баланың алалығы жоқ.

Анадан алтау туғанша жалғыз туса нетеді —
елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше еменге айыр бүтақ бітсе нетеді —
құсқа тұғыр болғалы.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.

Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.

Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.

Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Ананың басқан жерінде пейіш бар.

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.

Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.

Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Анасыз өмір — сөнген көмір.

Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады (Нақысбек шешен).

Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.

Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.

Баласы тәуше жесе анасының тісі қамасады.

Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.

Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз тумас.

Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрыны жоқ болсын.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ата-анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын.

Атаның құны, ананың сүті.

Күтсең ата-анаңды, Кешірер атаң қатаңды.

Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.

Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ

Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер.
Ана болар кызыңның ақыл-есі тең келер.

Адам болатын бала алыска қарайды.

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.

Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.

Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.

Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.

Бала жүгірсе қарттың қарап отырып аяғы ауырады.

Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың.

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.

Айдың ізін ай басар,
Аттың ізін тай басар.

Анадан алтау туғанша,
жалғыз туса не етеді — елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
еменге айыр бұтақ бітсе не етеді — құсқа тұғыр болғалы.

Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі (Абай).

Бай баласы балпаң,
Жарлы баласы жалтаң,
Бай күйігі етекте,
Бала күйігі жүректе.

Бала адамның бауыр еті, көз нұры.

Бала ақылды болса
ата-ананы оздырады,
желбуаз, жетесіз болса
жерге қаратып тоздырады.

Бала анаға аян, әкеге күмән.

Бала атадан батпан артық туады.

Бала, баланың ісі шала.

Бала — бауыр, дос — тамыр.

Бала биден де күшті, бірақ бітірмес істі.

Бала болғанын білмес,
Батыр толғанын білмес.

Бала болса да әркім өз теңімен ойнар.

Балаға айтқан сыр — байланбаған бұзау (Шәкәрім).

Балаға жанның ашуы бірдей,
Қай қолынды кессең де жанға батуы бірдей.

Атадан жақсы ұл туса,
елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
көшінің соңы болады (Қазыбек би).

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.

Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең,
Ақылды қария жазып койған хатпен тең.

Әдепсіз бала — аяққа басылған шала.

Бақырауық демесең бағалы көлік түйе ғой.
Жаман да болса өз ұлың өз малыңа ие ғой.

Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік (Абай).

Баланың сотқары — пәленің шокпары.

Балаң жаман болса да аман болсын.

Балаң жаман болса көрінгеннің мазағы.

Баласы жаман туғанның
әкесін түйе үстінен ит қабар (Шал ақын).

Бейбастақ балаға күле қарасаң бас киімінді ала қашады.

Егін өнбесе қайғы — бір жылдық,
Балаң оңбаса қайғы — ғұмырлық.

Екі қатынның баласы — екі рулы ел.

Ерке баладан жынды балам жақсы.

Ерке бала екі жылар.

Еркенің көзі жасты, етегін бұзау басты.

Еркенің көзі кеппес,
Жорғаның тері кеппес.

Жақсы бала жансақ,
Жаман бала малсақ.

Жақсы бала ойлағыш,
Жаман бала тойлағыш.

Жақсы бала сүйік,
Жаман бала күйік.

Жақсыдан жаман туса — емі болмас,
Жаманнан жақсы туса — теңі болмас.

Жаман бала өзінен кішкенені ұрып жылатады,
Жақсы бала жылағанды жұбатады.

Афоризмдер

Егер әйел еркексіз өмір сүре аламын десе, қателескені. Бірақ әйелім менсіз өмір сүре алмайды деп ойлайтын азаматтың ойы тіптен қате.

Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер

Читайте также: