Парасат жолы орталы?ы цитаты

Обновлено: 22.12.2024

Бүгін Түркістан облысының орталығында орналасқан А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Парасат жолы" орталығының ресми тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жастардың тұла бойына туралық пен даналықтың дәнін егуді көздейтін орталықтың негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен тағлымды тарихты, тұнық тәрбие мен өнегелі әдебиетті өне бойларына терең сіңірген зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қаламгер-тілшілердің елеулі еңбектері арқылы парасатты қоғам қалыптастыру.

Мәдениет пен руханияттың тоғысқан ордасы саналған кітапханада өткен игі шарада бірегей жаңа жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары салтанатты түрде таныстырылды.

Адалдық құндылығы аясында өрбіген келелі жиынға елімізге белгілі жазушы, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Парасаттылық жолы" орталығының жетекшісі Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, қарымды қаламгерлер Кәрібай Әмзеұлы, Жеңіс Баһадүр, Сарманбай Иса, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Пайымды пікірлер мен орамды ойлар ортаға салынған шарада әділдіктің қоғам өмірінде алатын орны мен шалқар шығармалардың оқырманға беретін тәлім-тәрбиелік рөлі сөз болып, құнды қасиет парасаттылықтың маңыздылығы талқыланды.

Шарада сөз алған Мирас Асқарбайұлы бұл игі бастама Түркістан өңірінде адалдық атмосферасын қалыптастыруда айрықша маңызға ие екендігін алға тартып, Түркістан облысына қарасты жалпы саны 392 көпшілік кітапханаларда "Парасат жолы" орталығын ашу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жарқын үлгісін қалыптастыруға болатынын жеткізді.

Айта кетсек, киелі өңірде түндігін түрген "Парасат жолы" орталығы алдағы уақытта талай жастың санасына сілкініс жасауға және оқырман қауымның таным-түйсігіне ізгі ой қалдыруға, сондай-ақ бармақ басты, көз қысты әрекеттерден алшақ болып, ізгілікті істердің ізін жалғастыруға едәуір ықпал етпек.

Следующая цитата

?Құрметті әріптестер!✅Сіздерді театр ұжымы атынан бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!?Отбасыларыңызға амандық, шығармашылықта табыс..

Есепшілер күні құтты болсын!

Құрметті бухгалтерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге табандылық, төзімділік пен жауынгерлік рухты жоғалтпауларыңызды..

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕПШІЛЕР КҮНІ

БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕПШІЛЕР КҮНІ ?. Бухгалтер мамандығы – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі ең жоғары құзыретті, құрметті әрі..

Бухгалтерге құттықтау

Қай ұжымда да есепшілердің еңбегі ерен. Бүгінгі есепшілер күні қарсаңында, біз де өз саламыздың есепші мамандарын төл мерекесімен құттықтаймыз.

6 ҚАЗАН ЕСЕПШІЛЕР КҮНІ

Бұл мамандықтың маңыздылығын айтудың өзі артық. Кез-келген мекемеде есепшілердің маңызды роль атқаратыны белгілі. Есепшілер аналитикалық ойлауды..

Есепші күні құтты болсын

Дебит, кредит құлағында ойнаған,Есепшілер мерекесін тойлаған.Мерекеңіз құтты болсын әрқашан,Арманыңыз орындалсын ойлаған.Кіріс, шығыс есептеп,Сандары..

Құрметті Есепшілер күні құтты болсын

Құрметті Есепшілер. Бүгінгі келіп жеткен Қазақстан Республикасының есепшілер күнімен құттықтаймыз. Жұрт ауырса да, сіздер ауырмай, демалмай қызмет..

Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сінде 5 сәуір сағат 11.00 -де жыл таңдауы бойынша "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында, көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай, «Жыр Жауһар» клубы аясында «Ұлы заманның ұлы жыршысы» атты жыр кеші болып өтті.

Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандардын ұлттық намысын оятып жігерлендіру.

Следующая цитата

Бүгін Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында еркін форматта «Жұмадағы жүздесу» шарасы өткізілді.

Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық мешітінің наиб имамы Е.Аманбаев департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қ.Төлендиев, департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, ғылым кандидаты, С.Исматова, Шохан Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, «Талдау» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Әлмұратов, Жамбыл облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының төрағасы Е.Мағзымбеков, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы А.Шайділдаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің үйлестірушісі А.Жақсылықов, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысының м.а. Ж.Зұлпыхар, «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі А.Жақсылық қатысты.

Кездесу барысында Ержан Маханұлы парасаттылықтың, иба, әдептің исламдағы түсініктемесі, дәстүріміздегі орны жайлы тілге тиек етті. Қ.Төлендиев «Парасат жолы» жобасы бастау алғандығы, жоба аясында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау керектігін және жобаның алдағы уақытта тұрақты түрде өтіп тұратынын жеткізді. Р.Төлебаев әр кездесуді белгілі тақырып аясында өткізуді және шараға жастарды да шақыру қажеттігін айтты. Штаб өкілдері мен шараға қатысушылар аталған жобаның бүгінге қажеттігі туралы және бұл жобаны облыстың барлық ауданында ұйымдастыру керектігі туралы айтты. Шара соңында департамент өкілдеріне қатысушылар тарапынан бірнеше ұсыныс жолданды.

Айта кетерлігі «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба.

Следующая цитата

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Парасат жолы» орталығында «Парасаттылық- адам бойындағы кісілік қасиет» атты кездесу сұхбат болды. Кездесуге «Парасат жолы» орталығының мүшелері, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы, ақын Мұса Тілеуов, өлкелік белгілі ақын Жақсылық Омаров, «Шындық» қорының төрағасы Абдолла Дастанов ағаларымыз қатысты. Сұхбат барысында адалдық жолында, әділеттілік жолында жасалып жатқан игі істер жайлы айтылды. Алдағы уақытта орталықта жасалатын жұмыстар жайлы сөз қозғалды.

« Парасат жолы» орталығының мақсаты - адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру болып табылады.

Орталықтың кітапхана қабырғасынан ашуылуы мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу, сонымен қоса ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету, адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үндеу.

Парасаттылық – адам бойындағы кісілік қасиет.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздің түкпір- түкпірінен «Парасат жолы» орталығы ашылып жатыр.Сәтбаев қаласының орталық кітапханасында орталық өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылу салтанатына Сәтбаев қаласының құрметті азаматы, ақын Мұса Тілеуов, өлкеміздің белгілі ақыны Жақсылық Омаров, «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Вечерний Сатпаев» газетінің бас редакторы Абдолла Дастанов ағаларымыз қатысты. Мағыналы әңгімелерімен жүйелі сұхбат қалыптастыра алды. Сұхбат барысында адалдық жолында, әділеттілік жолында жасалып жатқан игі істер жайлы айтылды. Алдағы уақытта орталықта жасалатын жұмыстар жайлы сөз қозғалды. Ауқымды жобаға өз үлестерін қосуға ниет танытқан іс-шараға қатысушылар «Парасат жолы» орталығының игі бастамалар мен жарқын істердің ұйытқысы болатынына сенім білдірді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. «Парасат жолы» орталығының ашылу мақсаты да болашақ ұрпағымыздың адал, әділ жолда еңбек етіп, халқының қамын ойлаған азамат етіп қалыптастыру. Орталықтың алға қойған жоспарлары ауқымды. Айта кетсек, алдағы уақытта жағдайы төмен отбасыларға көмек қолы созылып, жастарды еңбекқорлыққа, жомарттыққа тәрбиелеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Әл-Фараби өз сөзінде «Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деп парасаттылық қасиетінің мағынасын ашып айтқан болатын.

Парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек.

Жаңа кітаптар

Акции

08.04.2019

Читайте также: