Цитаты о казахском языке на казахском
Обновлено: 22.12.2024
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел - Народ без языка, вымерший народ.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін - Свой родной язык для единства, иностранный - для жизни (дела).
Следующая цитата
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ТIЛ ТУРАЛЫ
► Тәрбие тілден басталады.
(Воспитание начинается с языка).
► Тіл – білім, тәрбие тұғыры.
(Язык – пьедестал образования и воспитания).
► Тіл – кілті көңілдің.
(Язык – ключ к душе человека).
► Білім кілті – тіл.
(Ключ к знаниям – язык).
► Тілде тиек жоқ.
(Язык ограды не имеет).
► Піл көтермегенді тіл көтереді.
(Язык осилит, что и слон не поднимет).
► Тіл – асыл ойдың бұлағы.
(Язык – источник мудрости).
► Тіл – мәдени қазынаның қайнар бұлағы.
(Язык – источник культурного сокровища).
► Ананың ақ сүтімен, ана тіліңіді құрметте!
(Уважай молоко матери и родной язык!)
► Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
(Молоко матери помогает расти,
Родной язык делает умным).
► Ана тіліңалпыс тілге татиды.
(Родной язык стоит шестидесяти других языков).
► Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
(Каждый народ счастлив только с родным языком).
► Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.
(Безумный не тот, кто не знает свой язык, а тот, кто не хочет знать свой язык).
► Туған ел – тұғырың, туған тіл – қыдырың.
(Родной народ – твой пьедестал, родной язык – твоя сопутствующая удача).
► Тіл – атадан қалған асыл мұра.
(Язык – благородное наследие предков).
► Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, cыйынатын тәңірі.
(Язык – корень, на который опирается нация, объект почитания).
► Ұлттың қуаты – тілінде.
(Мощь нации в её языке).
► Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.
(Исчезновение нации начинается с исчезновения его языка).
.
Казак тили туралы макал типти жок, мине бирнеше тил жэне туган жер туралы макал мателдер :
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.
Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Ата қоныс — алтын мекен.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
Следующая цитата
Как Вы помните мы публикуем статусы на разных языках с переводом на русский язык, чтобы Вы убедились, как говорила Нона в фильме «День радио»: «какие мы разные и какие мы одинаковые». Итак,
Статусы на казахском языке с переводом на русский язык:
Подставляй ладонь, я тебе набрызгаю счастья.
Алақанды жай, мен саған бақыт себемін.
Подставляй ладонь, я тебе набрызгаю счастья.
Көз жасы көл болды.
Из плевков образуется море.
Жақсыны арман оздырар, Жаманд кұлқын тоздырар.
Умного мечта ведет вперед, Дурная подлость тянет назад.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Если сам себя не уважаешь, не жди уважения от других.
Шапшаң жүргенге шаң жұқпас.
К быстро идущему пыль не пристает
статусы на казахском языке про любовь:
МАХАББАТ – БҰЛ таңдау емес, бұл тағдыр
Бізді сүймеген адамдарды сүйеміз, бізді сүйген адамдарды өлтіреміз
Мы любим людей, которые не любят нас, мы убиваем людей, которые нас любят
Әйел уникальды адам – трубканы алмау үшін, күн бойы телефон қоңырауын күтеді)
статусы на казахском языке про студентов и учебу:
Студент логикасы: күніне екі пар – ол өте көп, ал бір пар үшін сабаққа бармауға да болады
Мектепте оқушы өз мұғаліміне қысқа хатты жіберген: «Мен сізді сүйемін!» Мұғалім оған жауап береді: «Балаларды жек көремін». Оқушы оған қайтадан жазады: «Бала болмайды – кепіл беремін!»
өмір – үлкен мектеп.
Жизнь – самая большая школа.
Статусы на казахском языке с переводом. Битва статусов Часть 13
Следующая цитата
-Апа, мен туралы радиодан айтып жатыр,-деді ол ентіккен күйі.
- Е, не деп?! - Жантайып жаткан атасы басын көтерді. Апасы да дереу орнынан тұрып, радионың құлағын бұрады. Әуезді бір ән шалқып қоя берді. Бұл Арман деген ән екен. Атасы мен апасы өтірік айтқаның калай? дегендей Арманға қарады. Бірақ Арман ешнәрсені сезетін емес, радиодан беріле ән тыңдап қалыпты.
-Әй, балам-ай,-деді атасы әлден уақыттан кейін ,-жақсы ән тыңдаңыздар десең, сөз басқа. Ал мен туралы айтып жатыр деуің қалай?! Ең алдымен еліңе еңбегің сіңсің. Міне, сонда ғана сен туралы айтуға болады,-деді.
Құрметті редакция, бұл менің өз басымнан кешірген жайт еді. Атамның айтқан сөзін содан бері ұдайы есте сақтап жүрмін.
Арман Қуанбаев Қарағанды облысы
МЕНІҢ ҚҰТЖОЛЫМ
Менің құтжол деген итім бар. Ол өте есті ит. Ұрысқанды да, мақтағанды да жақсы түсінеді. Құтжол бастапқыда қап-қара, сүп-сүйкімді күшік болатын.
Ол осыдан біраз бұрын байқаусызда біреудің құрған қақпанына түсіп қалыпты. Содан бұлқынып жатып, әзер босаған көрінеді. Бірақ аяғының басы қақпанда қалады.
Сол күні Құтжол көп кешікті. Бір кезде келді-ау, әйтеуір. Алдыңғы оң аяғынан қан саулап тұр. Көкем Құтжолдың аяғын байлап тастады. Біраз күннен кейін Құтжолдың аяғы жазылды. Бірақ ол содан ақсақ болып қалды.
Құтжол осы кезде қартайып-ақ қалды. Бұрынғыдай емес, көп жата береді. Ойнамайды. Бірақ біз оны бәрібір жақсы көреміз. Еркелетеміз, тамақ береміз. Ол мұны да түсінеді.
КІШКЕНТАЙ ОРАЗ
Жалаң аяқ бала қайырымдылық жасады. Аяжанды Сарыбай ұстаның үйіне ертіп бармақ болды. Оның ап-ауыр чемоданын көтеріп алды. Екеуі ұзыннан-ұзақ созылған көшеде сөйлесіп келе жатыр. Көше бойында шоғыр-шоғыр болып жайылып жүрген қаз-үйректер. Сарыбайдың үй іші түгелдей есік алдында болатын. Қарт ұста Аяжанды басқалардан бұрын таныды. Ауладағылар улап-шулап қалды. Аяжан бұл кезде атасының құшағына кіріп те үлгерген еді.
ТАУКЕ ТАУЫНДА
Тәуке тауындағы Ақтасты, Қарасырық жайлаулары. Қазір жайлау толған қара-құрым мал. Мұнда Көкжайдақ, Шалакезек тағы басқа совхоздардың малы жатыр. Бірнеше қора қой көз тұндыратындай көрініс береді. Бөрібек қарт бастапқы кезде жазық дала шөбін пайдаланды. Бірте-бірте ол қойларын жота бастарына қарай өргізді. Бөрекең малды көптеген әдіс –тәсілдер қолданып жайды. Басқаларға үлгі-өнеге көрсетті. Ол малдың тез семіруіне көптен-көп себепкер болды.
(58.) (Б. Тоқтаровтан)
ЖОМАРТ ЖҮРЕКТЕР.
Көктем. Желсіз тынық ауа. Күн сәулесі өзінің алтын нұрын жер бетіне мейірлене шашып тұр. Одан еш нәрсе жасырынып қала алмайды. Бар тіршілік одан өз бойына қуат алады. Ыстық та, салқын да емес, қоңыржай самал жел. Бүгін аянбай еңбек етуге ауа райы өте қолайлы. Көпшілік көңілді. Егіншілер тұқымын сеуіп, шопандар қойын өргізіп, төлін күтуде. Ақ халат киген сауыншылар да сап түзеп шелектерін алған. Олар да фермаға қарай бет алып барады. Колхоз даласы еңбек күйіне, күн нұрына бөленген. Селт етіп бос жүрген жан жоқ.
Бірінші сынып оқушыларына хат.
Қадірлі достым менің, құттықтаймын. Сен оқушы болдың. Алдыңда маңызды мақсат тұр. Ол-жазу,оқу санап үйрену. Жер басып жүрген барлық жан-ұшқыштар, жұмысшылар, теңізшілер, колхозшылар, артистер-бәрі де оқуды өзің сияқты сенің дәптеріңдегідей таяқшалардан бастаған.
Мектепте сен тек сауат ашып қана қоймайсың, достыққа үйренесің. Достыққа, ынтымақшылдыққа сендерді пән мұғалімдерің, сынып жетекшілерің баулиды. Сонда сынып ұжым болып саналады.
Егер сен әлдебір қиыншылыққа тап бола қалсаң, саған әрқашан да ұжымың көмекке келеді. Ол үшін өзің де жақсы жолдас, ақ пейіл, адал, әділ бола біл. Мен саған бақыт, денсаулық, еңбекте табыс тілеймін.
Ана тілі дегеніміз-сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Қазақ тілі –аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын,орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау!
Адам үш түрлі, сөз төрт түрлі болады. Адамдардың бірінші түрі-біледі және білген сайын білгісі келеді; екінші түрі-біледі,біле тұра білмеймін дейді; үшіншісі-білмейді және білгеннің тілін амайды; Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі-білуге де ,айтуға да қажеті жоқ сөздер; екіншісі-білуге де,айтуға да қажетті сөздер; үшіншісі-білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер; төртіншісі-білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер.
Қазақ тілі -өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылып, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Тіліміздің биязы мақамы-домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі-шырқап салар әніндей Осыны естіп, көргенде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
Жергөгімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым,
Қазақтардың нұр боп ерген азат күнін айналдым.
Ана тілің, біліп қой, Ана тілің –арың бұл,
Еркіндігің, теңдігің. Ұятың боп тұр бетте.
Ана тілің, біліп қой, Өзге тілдің бәрін біл,
Мақтанышың ,елдігің. Өз тіліңді құрметте.
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанда –ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді алашты ешкімнің,
(А.Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов,М.Дулатов, Ә. Бөкейханов)
Жігіттер өнер үйрен заманыңда,
Денсаулық әлің келген аманыңда.
Жайылып сахарада жатамыз деп,
Мінекей қалдық дұшпан табанында.
Ақыл-зерек,ұстар істің құлағын,
Дүниенің бар қызығы ақылда,
Ақыл болса ардақталар атың да.
Тура сөзбен түбінде алыс шабарсың,
Бекер сөзден сөгіс,қарғыс табарсың.
Тура сөзден-тартпа тілді өңін ки,
Өтірікте-өз тіліңді өзің ти.
Көзіңді аш оян,қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамас та.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Күн болмағанда, кім болам?
Қызмет көрсет халқыңа,
Игі ат қалсын артыңа.
Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген,
Халқын сүйіп жарытпас.
Қырғыз ақыны Байділдә Сарноғаев
Туған елім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Сіңіріп тұла бойыма.
Бар асылын халықтың,
Лұғатын ұлы тарихтың,
Бола бер күшті, көркем де.
Әр адамның өз анасынан басқа
Болу керек құдыретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Пенделер басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қормаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі,сен қалдың.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Тілдің оғы- мірдің оғынан да қатты.
Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
Сөзден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан жүйрік жоқ.
Мақал сөздің сәнін келтіреді.
Өнер алды-қызыл тіл.
Тіл-уақыт деген өзен өткелі, ол бізді өткен баба мекеніне бастап әкеледі: бірақ судың тереңдігінен қорыққан жан оған жете де алмайды. Ана тіліміз-алтын асыл, мөлдір маржан, ғажайып ғауһар.
Читайте также: